Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

21.09.2013 | 91

Қазақстан халықтары тілдерінің ХV облыстық фестивалінің аясында өткен «Елім менің ұлыстар мекені» сайысы туралы ақпарлама

Сайысқа аудандық, қалалық жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 7 топ қатысты, қамтылған бала саны 45.

Облыстық білім басқармасының 23.07.2013ж. №169-нқ бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатындағы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, көпұлтты Қазақстан мәдениетін және өзге ұлт дәстүрін сақтау, тереңдету және дамыту мақсатында, Ақтау қаласының №3 орта мектебінің актзалында 2013 жылдың 19 қыркүйегі күні облыстық «Елім менің – ұлыстар мекені» сайысы өтті.

 Сайысқа Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының әдіскері Бағдат Тұрғанбаева,  Қарақия аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Қадиша Шілдебаева, облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының эстетика бөлімінің жетекшісі Асылтас Аманиязова, орталықтың эстетика бөлімінің әдіскері Меруерт Шуақбаева қазылық етті.

Сайысқа аудандық, қалалық жалпы білім  беру мекемелерінен барлығы 7 топ қатысты, қамтылған бала саны 45.

Оқушылар – ұлтты, ұлысты таныстыру; ұлттың әні (ұлттық бимен сүйемелдеу); ұлттық киім (дефиле) номинациялары  бойынша өнер көрсетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – Ақтау қаласының  беларусь, кәріс ұлттар тобы;

І орын – Қарақия ауданы поляк, тәжік ұлттар тобы;

ІІ орын – Мұнайлы ауданы лезгин, молдаван және Маңғыстау ауданы болгар, үнді ұлттар тобы;

ІІІ орын – Түпқараған ауданы украин, түрік және Жаңаөзен қаласы әзірбайжан, түркімен ұлттар тобы;

Ынталандыру сыйлығымен – Бейнеу ауданы осетин, өзбек  ұлттар тобы   марапатталды.

Қатысушыларға  облыстық білім басқармасының арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтары тапсырылды. 

Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

Өлкемізбен танысайық

Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

Ресурсқа өту »