Мұғалімнің мүмкіндіктері

Мектеп мұғалімдеріне пән сабақтарының электрондық журналды жүргізу, оқушылардың үлгерімін бақылау және бағалау, есептер мен оқу материалдарын автоматтандыру процесстері қолжетімді.

Толығырақ

Ата-ананың мүмкіндіктері

Ата-аналар балаларының үлгерімін онлайн қадағалап, пәндер бойынша оқу-тапсырма материалдарымен танысып, мектеппен және мұғалімдермен онлайн түрде байланыста бола алады.

Толығырақ

Мектеп басшылығының мүмкіндіктері

Мектептегі оқу-тәрбие үдерістерін басқару, тағайындау, сыныптарда білім сапасының орындалуын бақылау, мониторинг жүргізу және статистикалық есептерді алу мүмкіндіктері қолжетімді.

Толығырақ

Техникалық қолдау қызметі

Біз сіздің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізге жауап беруге әрқашан дайынбыз. Сұрауларыңызды біздің анықтамалық сайт арқылы жібере аласыз.

Support.edus

OK.EDUS

оқушыға арналған портал

Қымбатты оқушы! Егер сен оқитын мектеп осы EDUS Mektep білім беру платформасына қосылған болса, онда сенде оқу материалдарын онлайн игеруге тамаша мүмкіндік бар.

Мұнда сенің оқу күнделігің, сабақтар кестесі, пәндер мен үй тапсырмалары, өз бетінше оқу ресурстары, сыныптастарың мен мұғалімдерің қамтылған. OK.EDUS-ке қош келдің!

OK.EDUS порталына өту

Мұғалімдер үшін мобильді қосымша

Ата-аналар үшін мобильді қосымша

Оқушылар үшін мобильді қосымша

Мектепке арналған EDUS білім платформасы - электрондық жүйе

Мектептегі оқу-білім процестерін автоматтандыруға көмектеседі, мұғалімдердің, оқушы және ата-ана жұмысын электронды цифрлық форматта жүргізуге мүмкіндік береді

Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі

26.10.2016 | 98

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мектеп көшбасшысы» облыстық байқауы

2016 жылғы 25 қазан күні Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназия базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу мақсатында облыстық «Мектеп көшбасшысы» байқауы өткізілді.

2016 жылғы 25 қазан күні Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназия базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу мақсатында облыстық «Мектеп көшбасшысы» байқауы өткізілді.

Байқауға аудандық/қалалық деңгейде өткізілген байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған 9-10 сыныптың 6 оқушысы қатысты. Қарақия ауданының оқушысы кешігіп келуіне байланысты байқауға қатыстырылған жоқ.

Байқау «Таныстыру», «Бәйге», «Тіл өнері», «Қызықты төрттік», «Егер мен .... болсам» деп аталатын 5 бөлім бойынша өткізілді.

Байқауға қатысушы оқушылар алдымен сүйікті ісі, жақсы көретін пәні, өмірлік ұстанымы туралы айтып, өздерін таныстырып өтті.

«Бәйге» бөлімінде әр сала бойынша дайындалған жылдамдық сұрақтары беріліп, оқушылар шапшаңдығы мен алғырлығына қарай жауап берді. «Қызықты төрттік» бөлімінде түрлі-түсті 4 ұяшықтың бірін таңдай отырып, жасырылған тақырыптар төңірегінде өзідерінің ойларын баяндап берді.

Байқаудың соңғы «Егер мен ... болсам» деп аталатын бөлімі шешендікке арналды. Оқушылар жоғары лауазымды тұлға ретінде қоғамға тигізер пайдасы, елдің, жердің қамы, жас ұрпақтың тәрбиесін жақсарту, т.б. мәселелер төңірегінде ой толғады.

Жинаған ұпай сандарына сәйкес, орталықтың дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен төмендегі оқушылар марапатталды:

І орын – Әбдікаримова Дариға – Жаңаөзен қаласы, мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы;

ІІ орын – Қазыева Гүлбану – Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің 9 сынып оқушысы; Жұбанова Айбаршын – Маңғыстау ауданы, С.Жаңғабылов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;

ІІІ орын – Құрбанбай Гүлназ – Ақтау қаласы, №22 орта мектептің 9 сынып оқушысы; Нұрғалиев Шыңғыс – Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы және Жұмажанова Гүлдерай – Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің 9 сынып оқушысы.

Туындаған сұрақтарыңыз бар ма? Қолдау қызметіне хабарласыңыз

Өлкемізбен танысайық

Маңғыстау өңіріне арналған танымдық онлайн жоба: Интерактивтік карталар, виртуалды 3D-саяхат, бейне-материалдар, ғажайып өлкенің тарихы туралы мағлуматтар.

Ресурсқа өту »