Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

24.04.2024 | 186

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау

Айтылды:

Шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы мектептерді жыл сайын жаңғырту (күрделі және ағымдағы жөндеу, кітапханалар, асханалар, жиһаз, қауіпсіздік мәселесі)

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы

Жасалды:

Шағын қалаларда, аудан орталықтарында және еліміздің 17 өңірінің ауылдарында орналасқан 1000 мектепті жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 68 млрд. теңге бөлінді. Онда 367 мыңға жуық оқушы оқиды.

Шағын қалалар мен ауылдардың 1000 мектебін жаңғырту келесі бағыттар бойынша жоспарлануда: - 706 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары; - 526 мектепті пәндік кабинеттермен жарақтандыру; - 537 мектепте мектеп жиһазын жаңарту; - 442 мектептегі асханаларды жаңғырту; - 670 мектепте кітапханаларды жаңарту; - 420 мектепте қауіпсіздік шарттарын арттыру.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки